Елена Рыбакина Ниньбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Ниньбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финалда отандасымыз әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесті.

Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте де 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің бас жүлдесіне қол жеткізді.

Осылайша, қазақстандық теннисші 2025 жылы Ниньбода жеңіп алған чемпиондық атағын қорғап, рейтинг қоржынына тағы 500 ұпай қосты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!