Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Александр Бублик туған күнін тойлап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы теннисшілерді туған күнімен құттықтады.
Елена Рыбакина 1999 жылы 17 маусымда туған. Ол 24 жасқа толды. Қазақстан теннисшілерінің арасында алғаш рет былтыр, 2022 жылы Уимблдон турнирінде жеңіске жетті. 2023 жылдың басында тағы бір ірі турнир Australian Open-нің финалына дейін жетіп, Беларусь теннисшісі Арина Соболенкодан жеңілді.
Елена жуырда ғана жаңартылған әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтеріліп, дүниежүзінің 3-ракеткасы атанды. Елена Рыбакина биыл WTA 1000 сериясындағы екі турнирде жеңіске жетті. Жуырла қазақстандық теннисші Францияның астанасы Париждегі "Ролан Гаррос" турнирінен шығып қалды.
Ал Александр Бублик 1997 жылы 17 маусымда туған, ол 26-ға толды. Қазақстандық теннисші ATP рейтингіде 47-орында тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!