Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Жүлде қоры 8,7 миллион долларды құрайтын жарыста ол америкалық Мэдисон Кизді жарыс жолынан шығарды.
1/8 финалдағы ойында Елена қарсыласын 6:3 және 7:5 есебімен ұтып шықты. Ойын 1 сағат 24 минутқа созылды.
Елена жартылай финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы Мария Саккариді жеңуі керек. Бұл ойын түнгі сағат 04:00 шамасында өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз