Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші 1/16 финалда германиялық теннисші Татьяна Мариямен кездесті.
Елена Рыбакина қарсыласынан 7:5, 6:0 есебімен басым түсіп, турнирдің үшінші айналымына жолдама алды. Онда ол ресейлік теннисші Мира Андреевамен ойнайды. Матч ертеңге жоспарланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!