Елена Рыбакина жаңа маусымды жарқын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылдың алғашқы ресми ойынында жарқын жеңіске жетті. Ол Брисбенде басталған WTA 500 турнирінде жергілікті теннисші Оливия Гадекиден айласын асырды. 

1 сағат 12 минутқа созылған ойында Елена 6:4 және 6:1 есебімен басым болды. 

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда бельгиялық Элиза Мертенспен ойнайды. Бұл кездесу 4 қаңтарға жоспарланған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!