Елена Рыбакина беліндегі жарақатына байланысты Дубайда өткен жеке және жұптық турнир – Dubai Duty Free Tennis Championships (WTA 1000) турнирінен шығып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
2022 жылғы Уимблдон жеңімпазы Елена Рыбакина америкалық Коко Гауфқа қарсы жекелей ойында ойнамайды. Жұптық сайыста ол Анастасия Павлюченковамен бірге 22 ақпанда Кимберли Циммерман/Моника Никулеску жұбымен ойнауы керек еді.
Енді Гауфф жартылай финалға шығу үшін Мэдисон Киспен ойнайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!