Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохадағы WTA 1000 турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бұл айналымда әлемнің 23-ракеткасы, америкалық Эмма Наварромен кездесті.
Елена Рыбакина алғашқы сетте қарсыласын 6:1 есебімен еш қиындықсыз жеңді. Алайда екінші сет тай-брейкке дейін ұласты. Онда қазақстандық теннисші қарсыласына есе жіберді: 6:7(6:8).
Рыбакина үшінші, шешуші сетте 6:4 есебімен матчты түйіндеді.
Қазақстандық теннисші матч кезінде 10 эйс пен үш қос қателік жасады және 10 брей-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.
Енді Рыбакина турнирдің жартылай финалына шығу үшін канадалық теннисші Лейла Фернандеспен кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!