- Негізгі бет
- Спорт
- Елена Рыбакина Дохадағы...
Елена Рыбакина Дохадағы алғашқы қарсыласын еш қиындықсыз жеңді
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Қатардың астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рыбакина қытайлық теннисші, әлемнің 57-ракеткасы Линь Чжумен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 6:2, 6:1 есебімен, еш қиындықсыз жеңді.
Кездесу тура бір сағатқа созылды. Бұл ойын 1/16 финалдық кезеңде өтті.
Елена матч кезінде жеті рет эйс пен бір қос қателік жасады, жеті брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Қазақстандық спортшы енді хард төсенішіндегі турнирдің 1/8 финалында америкалық теннисші, әлемнің 23-ракеткасы Эмма Наварроға қарсы ойнайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан