Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен турнирінің (Аустралия) финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елена Рыбакина жартылай финалдық матчын чехиялық теннисші, әлемнің 40-ракеткасы Линда Носковоға қарсы өткізді.
Матч 1 сағат 3 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен ұтты.
Рыбакина матч кезінде 8 эйсті орындап, бір қос қателік жасады. Бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Ал оның қарсыласы бір эйс пен үш қос қателік жасап, төрт брейк-пойнттың ешбірін өз есебіне жаза алмады.
Енді Елена Рыбакина финалда Беларусь теннисшілері Арина Соболенко мен Виктория Азаренко арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!