Елена Рыбакина биылғы маусымда үшінші рет финалға шықты

Елена Рыбакина биылғы маусымда үшінші рет финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина бұл жолы ресейлік теннисші, әлемнің 32-ракеткасы Анастасия Павлюченковамен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Елена матч кезінде үш эйс пен екі қос қателік жасады, алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Енді Рыбакина финалда әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентекпен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!