Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Берлин (Германия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 139-орында тұрған, іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, ресейлік, 20 жастағы Полина Кудерметовамен кездесті.
Бірінші партияда есеп 5:4 болған мезетте Елена брейк жасай білді – 6:4.
Екінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Елена 9 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!