- Негізгі бет
- Спорт
- Елена Рыбакина астаналық...
Елена Рыбакина астаналық волонтерлерге ақша аударды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Астанадағы волонтерлік қозғалысты қолдау үшін ақшалай қаражат аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Lifestyle-ға сілтеме жасап.
Спортшы астанадағы жануарларды аулаудан құтқаратын "СтопОтлов" қозғалысына ақша аударған. Бұл жерде 3 500 ит пен 150 мысық бар. Бұл туралы ұйымның өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Алайда Рыбакинаның қанша ақша аударғаны ашып айтылмағанымен, бұл қаражатқа 10 тонна макарон сатып алынған.
"Еліміздің ең танымал және атақты теннисшісі, сонымен бірге жай ғана нәзік, бірақ талантты және рухы мықты, жүрегі кең әрі мейірімді қыз - Елена Рыбакина біздің қамқорлығымыздағы жануарларға назар аударып, керемет көмек көрсетті (кеше біз бірінші кезекте 10 тонна макарон сатып алдық)", - делінген хабарламада.
Қоғамдастық теннисшіге бүкіл ұйымның атынан алғыс айтып, оған амандық тіледі.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Астанаға кейінгі сапарларының бірінде жануарларды жақсы көретінін және олардың проблемаларына назар аударатынын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан