Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты. Енді ол мансабында алғаш рет әйелдер арасындағы рейтингте екінші орынға көтеріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1/4 финалдағы матчте қазақстандық теннисші америкалық Джессика Пегуламен кездесті. Бірінші сетте Елена Рыбакина 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Екінші партия Елена Рыбакинаның пайдасына 7:6(4) есебімен аяқталды. Америкалық теннисші 4:1, 5:4 және 6:5 есебімен алда болған, алайда Елена Рыбакина жағдайды өз пайдасына шеше алды. Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.

Финалға шығу үшін Елена Рыбакина әлемнің тоғызыншы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен ойнайды. 

live-tennis.eu мәліметінше, жеңістен кейін Елена Рыбакина WTA әйелдер арасындағы жеке рейтингте екінші орынға көтеріледі.

live-tennis.eu

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget