Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (№11) Берлинде (Германия) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның қарсыласы - әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко.

Матчтың басталуы Қазақстан уақытымен 19:00-ге жоспарланған. Кездесуді осы жерден көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Elena Rybakina 🐠 (@lenarybakina)

Айта кетейік, екінші айналымда Рыбакина чехиялық Катержина Синяковадан 6:4, 7:6 есебімен басым түсті. Ал жарыстың алғашқы кезеңінде қазақстандық теннисші америкалық Эшлин Крюгерді 6:3, 7:6 есебімен жеңді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget