Елена Рыбакина әлемнің 12-ракеткасы атанды

Елена Рыбакина әлемнің 12-ракеткасы атанды
Фото: REUTERS

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте ресми түрде 12-орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

16 қаңтарда Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингі жарияланды. 13-орында тұрған отандасымыз америкалық Совия Кенинді небәрі үш ұпайға басып озған.

11-орынға 2968 ұпай жинаған ресейлік Анастасия Павлюченкова жайғасса, тунистік Онс Жабер 3500 ұпаймен ең үздік ондықты түйіндеп тұр.

Қазақстан теннисі тарихында бұрын-соңды ешқандай спортшы 12-орынға дейін көтерілмеген.

Қазақстан намысын қорғайтын тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева да рейтингте бір саты жоғарылады. Қазір Путинцева 1400 ұпаймен 42-орында. Сонымен қатар, төрт саты жоғарылаған Зарина Дияс 732 баллмен 104-орынға шыққан.

Г. Берік