- Негізгі бет
- Спорт
- Елена Рыбакина әлемнің...
Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын қалай жеңіп кетті? Видео
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет Римдегі WTA 1000 - Internazionali BNL d'Italia турнирінің жартылай финалына шықты. Елена Рыбакинаның ширек финалдағы жеңісі оның рейтингі мен жүлде қорына қалай әсер етті?
1/4 финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентектен басым түсті. Қарсылас 2:6, 7:6(3), 2:2 есебімен жарақатына байланысты кездесуді аяқтай алмады. Енді WTA рейтингінде алтыншы орында тұрған Елена жартылай финалда әлемнің 20-шы ракеткасы латвиялық Елена Остапенкомен ойнайды.
Елена Рыбакина Live рейтингінде өзінің қоржынына тағы 175 ұпайды қосты. Ол дүйсенбіде бұл рейтингіде үздік бестікке көтеріледі. Алайда оны бұдан да үлкен жетістік күтіп тұр: өйткені Елена турнирде жеңіске жетсе, франциялық теннисші Каролин Гарсияны басып озып, әлемнің төртінші ракеткасы атанады.
Жүлдеге келсек, егер Рыбакина ширек финалға өткені үшін 73,9 мың еуро (36,03 миллион теңге), ал жартылай финалға шыққаны үшін кемінде 143,4 мың еуро (69,9 миллион теңге) алады.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы жекелей турнирдің жартылай финалына Рыбакина мен Остапенкодан қоса, ресейлік Вероника Кудерметова (№12) мен украиналық Ангелина Калинина (№47) өтті. Жартылай финалистердің ішінде Елена Рыбакина рейтингі жоғары және үздік 10 теннисшінің жалғыз өкілі.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы жартылай финалдық кездесулер ертең, 19 мамырда өтсе, финал сенбі, 20 мамырға жоспарланған. Бұл - "Ролан Гаррос" басталар алдындағы соңғы ірі турнир. Ал "Үлкен дулыға" санаты енетін Раллон Гарростің негізгі кездесулері 28 мамырда басталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан