Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үшінші орнын сақтап қалды.
Әлемдік рейтингіде бұрынғыша Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, белоруссиялық Арина Соболенко екінші орында.
Осы аптада Елена Рыбакина Берлин WTA 500 турнирінде бақ сынайды.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 51-ден 50-сатыға көтерілді.
Жұптық сында Анна Данилина 24-орнында қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!