Елена Рыбакина алдағы үш турнирге қатысады

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы турнирлер кестесін жариялады. Қазақстанның үздік теннисшісі тамызда үш турнирге қатысуға өтінім беріп, WTA турына оралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рыбакина маусымды 2 тамызда басталатын Торонтодағы WTA 1000 санатындағы турнирде жалғастырады. Кейін қазақстандық спортшы 13 тамызда басталатын Цинциннатидегі "мыңдық" турниріне қатысады.

Жазғы серия 30 тамызда Нью-Йоркте басталатын АҚШ ашық чемпионатымен (US Open) аяқталады.

Маусымның аяғы "Үлкен дулыға" турнирінде Рыбакина тағы да чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.

Еске салайық, соңғы турнир - Уимблдон-2026-да Елена Рыбакина үшінші айналымда Элиза Мертенске жол берді.

Қазақстандық спортшы кейінгі трофейін сәуірде Штутгарттағы WTA 500 санатындағы турнир финалында Каролина Мухованы жеңіп, иеленген болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!