Елена Рыбакина Әбу-Дабиде (БАӘ) өтетін турнирде екінші айналымнан бастап қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Каролина Плишкова (Чехия) - Гарбинье Мугуруса (Испания) арасындағы жеңімпазбен шығады. Әбу-Дабидегі турнир 6-12 ақпан аралығында өтеді.
Айта кетейік, Australian Open-2023 әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық финалға жетіп, Беларусь спортшысы Арина Соболенкодан жеңіліп қалған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!