Елена Рыбакина WTA шешуші турнирінің алдындағы алғашқы жаттығуын өткізді

Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Канкун қаласына (Мексика) барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Онда бірер күннен кейін WTA турнирінің финалдық кезеңі басталады.

Канкунде Елена кортқа шығып, алғашқы жаттығуын өткізіп те үлгерді.

WTA турнирінің ақтық кезеңі 29 қазан мен 5 қараша аралығында өтеді. Рыбакина бұл жарысқа жолдама алған Қазақстанның бірінші өкілі болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз