Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Эр-Риядта өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде өз тобындағы соңғы кездесуін өткізді.
Бұған дейін америкалық Аманда Анисимова мен Польша өкілі Ига Швентекті жеңген қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобынан жартылай финалға бірінші орынмен жолдама алған еді.
Елена Рыбакина үшінші бәсекесін әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен өткізуі керек еді. Алайда бұған дейін екі ойынында жеңіліс тапқан Киз ауырып қалғанына байланысты матчтен бас тартты. Оның орнына кортқа әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова шықты. Матч 6:4, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек