Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады
Фото: ҚТФ

Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алғашқы матчте Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Аманда Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты.

Матч 58 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина жеті эйс жасап, бір қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Қазақстандық спортшы Серена Уильямс тобы аясындағы келесі кездесуін әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекке қарсы өткізеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget