Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатында финалдық кездесудің бірінші сетінде жеңіске жетті.
Шешуші кездесуде 23 жастағы Рыбакина 24 жастағы беларус спортшысы Арина Соболенконы 6:4 есебімен ұтты.
First set to Elena ?
— #AusOpen (@AustralianOpen) January 28, 2023
Rybakina leads Sabalenka 6-4 after 34 minutes in the women's singles final.#AusOpen • #AO2023 pic.twitter.com/gPuppdKjMt
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open – 2023 жарысының финалына Беларусь спортшысы Виктория Азаренкодан басым түсіп шыққан болатын.
1 сағат 42 минутқа созылған ойында Елена 7:6 және 6:3 есебімен екі сетте-ақ жеңіске жетті.
Елена Рыбакина – Australian Open жарысының финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші. Бұған дейін "Үлкен дулыға" санатына енетін "Уимблдон" жарысында топ жарған.
Т. Раушанұлы