Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының қос разрядында да табысты өнер көрсетіп жатыр. Ол ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге екінші айналымнан сәтті өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Теннисшілер 6:1, 6:0 есебімен қарсыластарын жеңді: Алекс Гуарачи (Чили)/Чан Латиша (Қытай Тайбэй). Матчтың ұзақтығы 55 минут болған.
Айта кетейік, жекелей сында Рыбакина турнирдің ширек финалына шығу үшін поляк ойыншысымен кездесу өткізеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!