Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде Талғат Орынбасар мен Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті, деп хабарлайды Massaget.kz.
Татамидегі тартыста Талғаттың әдіс-тәсілі басым болып, қола медальды қанжығасына байлады. Белдесу соңынан отандастарымыз бір-біріне құрмет көрсетті.
Елдос Сметов жартылай финалға шығар жолда әзербайжандық Балабай Агаевқа жол беріп алды. Ал Талғат болса жартылай финалда тәжік Лоик Кудбудиновқа есе жіберген еді.
Олимпиада чемпионы атанғаннан кейін Елдос үшінші жарысында бақ сынады. Қыркүйек айындағы Азия ойындарында күміс жүлде еншілесе, Циндаодағы Гран-При кезеңінде қола медальға күресте қарсыласына жол берген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз