Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшылары келесі маңызды додаға аттанбақ. 29 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) "Үлкен дулыға" турнирі басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Абу-Дабиде өтетін биылғы Grand Slam турниріне 61 елден 401 дзюдошы тіркелген. Бұл додода Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ, халықаралық жарыстарда көзге түсіп жүрген спортшылар да жүлдеге таласады.
Олардың арасында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бар.
Абу-Дабиде ел намысын қорғайтын дзюдошылардың тізімі:
Айта кетейік, Абу-Дабидегі Grand Slam турнирі 29-31 қазан аралығында өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!