Елдос Сметов татамиге қашан оралады?

Елдос Сметов татамиге қашан оралады?
Фото: ҰОК

Дзюдодан ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобазде Olympic.kz сайтына берген сұхбатында Елдос Сметов татамиге қашан оралатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Елдос Сметов қашан сапқа оралмақ? Алдағы турнирлерге қатыса ма?" деген сұраққа ол былай деп жауап берді:

"Елдос келесі жылы татамиге оралады. Оны ешқайда асықтырмаймыз. Бабына, қалпына келген соң ғана қай жарысқа қатысатынын бірге ақылдасып шешеміз".

Еске салайық, бұған дейін Елдос Сметов болашақ жоспары туралы айтты. Спортшы Олимпиадаға тағы да қатысқысы келетінін растады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget