Елдос Сметов Шавкат Рахмоновтың командасында жаттығып жүр

Елдос Сметов Шавкат Рахмоновтың командасында жаттығып жүр
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Dar Team ММА командасының бапкері Оразәлі Әлдибаев дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің аралас жекпе-жек залындағы жаттығу сәтінен видео жариялады. Оның мұндай жаттығуларды бұрыннан бері жасап жүргені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Олимпиада алтыны бар, енді UFC белбеуін алсам ба дейді", - деді ол әлеуметтік желіде Елдос Сметовті белгілеп.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Orazaly Aldibaev (@oraz_coach)

Dar Team командасының беделді бапкерлерінің бірі, Шавкат Рахмоновтың тәлімгері Эдуард Базров Tengri Sport-қа Елдос Сметов ММА мамандарымен жаттығып жүргеніне көп жыл болғанын, ал оның UFC-ге ауысатыны туралы әңгіме жай ғана әзіл екенін айтқан.

"Елдоспен 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Ол бізге жалпы дене дайындығы жиынына келді. Бір ай бойы қолғаппен жұмыс істеп, серпіліп қайту үшін дайындалады", - деді Эдуард Базров.

Еске салайық, жуырда Қытайдың Циндао қаласында өткен гран-при сериясындағы халықаралық турнирде Елдос Сметов Ресей өкілі Аюб Блиевтен жеңілді. 
 
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget