Дзюдошы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан гран-при турнирінің жартылай финалына өте алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы ширек финалға дейін жетіп, франциялық Энцо Джинмен белдесті. Бұл кездесуде жеңіс француз дзюдошысына бұйырды.
Десе де Елдос Сметов гран-при турнирінің медалі үшін күресе алады. Ол жұбаныш белдесуінде жеңіске жетсе, қола медаль үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та ширек финалға жолдама алды. Оның келесі қарсыласы - әзербайжандық Руслан Пашаев.
Талғат Орынбасар (60 келіге дейін), Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) және Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін) Циндаодағы жарысты аяқтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!