Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов елге оралғаннан кейін отандастарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық дзюдошы Астана тұрғындарын 9-11 мамыр аралығында өтетін Grand Slam турнирінде спортшыларды қолдауға шақырды.
"Құрметті қазақстандықтар, баршаңызға қайырлы күн! Астанаға келдім, сіздерді ертең басталатын турнирді қолдауға шақырамын. Біздің спортшыларға қолдау көрсетіңіздер. Мен елордаға спортшыларымызды қолдау үшін арнайы келдім", - деді Сметов әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Елдос Сметовтың өзі жарысқа қатыспайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова