Елдос Сметов болашақ жоспары туралы айтты

Елдос Сметов болашақ жоспары туралы айтты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов болашақ жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы Олимпиадаға тағы да қатысқысы келетінін растады.

"Олимпиада алтынынан кейін ғана мен өмірімді өзіме, отбасыма, жақындарыма арнай бастадым. Париж алтыны біз алмайтын қамал жоқ екенін көрсетті. Дәл осы жеңісімді 2028 жылы Лос-Анджелесте қайталағым келеді. Инш Алла, келесі төрт жылдықтың басты додасында осы эмоцияны сыйлау үшін бар күшімді саламын", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от YELDOS SMETOV (@yeldos60kg)

Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Франция астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындарында алтын жеңіп алды. Шешуші белдесуде қазақстандық спортшыға франциялық дзюдошы қарсылас болды.

Еске салайық, бұған дейін де Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиада туралы ойын айтты. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget