Елдос Сметов Азия ойындарының жартылай финалына шықты

Елдос Сметов Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта ширек финалда моңғолиялық Ариунболд Энхтайванмен белдесіп, қарсыласын иппонмен жеңді.

Осылайша, отандасымыз Азиаданың финалына шығу үшін бақ сынайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget