Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақта 1/2 финалда Тайбэй өкілі Ян Юнвэймен кездесті.
Белдесуде отандасымыз "вазари" ұпайымен жеңіске жетті.
Елдос Сметовтің финалдағы қарсыласы жапониялық Хаято Кондо болмақ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!