Елдос Сметов әлем чемпионатына қатыспайтын болды

Қазақстан дзюдо федерациясы Бакуде (Әзербайжан) өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Дүбірлі додада ел намысын 15 дзюдошы қорғайды.

Ерлер арасында

  • 60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
  • 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов
  • 73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
  • 81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар
  • 90 келіге дейін: Данил Крылов

Әйелдер арасында

  • 48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
  • 63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова
  • 78 келіге дейін: Аруна Жангельдина
  • 78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш

Айта кетейік, отандастарымыз жеке және аралас командалық сайыста сынға түседі. Әлем біріншілігі 4-11 қазан аралығында өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!