Қазақстан дзюдо федерациясы Бакуде (Әзербайжан) өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Дүбірлі додада ел намысын 15 дзюдошы қорғайды.
Ерлер арасында
- 60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
- 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов
- 73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
- 81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар
- 90 келіге дейін: Данил Крылов
Әйелдер арасында
- 48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
- 63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова
- 78 келіге дейін: Аруна Жангельдина
- 78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш
Айта кетейік, отандастарымыз жеке және аралас командалық сайыста сынға түседі. Әлем біріншілігі 4-11 қазан аралығында өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова