Ел чемпионатының финалына шыққан боксшылар белгілі болды

Ел чемпионатының финалына шыққан боксшылар белгілі болды

Бокстан Тараз қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық кездесулері аяқталып, финалға шыққан боксшылар белгілі болды. Шаршы алаңдағы жекпе-жекте еліміздің 14 облысынан бөлек, Алматы мен Астана қалаларынан келген боксшылар бақ сынауда.

Финалдық кездесуге шыққан боксшылар саны бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының командасы көш бастап тұр. Олардан 6 былғары қолғап шебері алтын медаль үшін таласатын болады. Ақмола мен Жамбыл облыстарынан – 4, Алматы мен Астанадан – 2, Маңғыстау мен Қарағанды өңірлерінен 1 боксшыдан финалға өтті.

Сонымен финалда жұдырықтасатын боксшылар тізімі төмендегідей:

49 келі: Жомарт Ержан (ОҚО) — Теміртас Жүсіповқмола облысы)
52 келі: Азамат Исақұлов (Маңғыстау облысы) — Олжас Саттыбаев (Жамбыл облысы)
56 келі: Нұрсұлтан Көшеғұловқмола облысы) — Алмас Жақыпов (Жамбыл облысы)
60 келі: Ержан Мұсафиров (Қарағанды облысы) — Закир Сафиуллин (ОҚО)
64 келі: Алмасбек Алибеков (ОҚО) — Самат Башенов (Астана)
69 келі: Сағадат Рахманқұлов (Жамбыл облысы) — Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы)
75 келі: Мейірім Нұрсұлтанов (Астана) — Нұрзат Собиров (ОҚО)
81 келі: Нұрдәулет Жарманов (Ақмола облысы) — Арман Рысбек (Алматы облысы)
91 келі: Асқар Абдуллаев (ОҚО) — Алмат Серімов (Ақмола облысы)
+ 91 келі: Нұржан Бекзатов (ОҚО) — Руслан Мырсатаев (Алматы облысы).

Финалдық жекпе-жектер ертең өтетін болады.

Сурет: sportnews.kz

О. Сансызбай
Logotype Massaget