Бокстан Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Нұрсұлтан Алтынбек чемпион атанды. Отандасымыз 54 килоға дейінгі салмақта үздік шықты.
Нұрсұлтан Алтынбек финалда филиппиндік боксшы Флинт Джарадан айласын асырды. Төрешілер бірауыздан отандасымызды жеңімпаз деп таныды. Есеп – 5:0 (30:27, 30:27, 29:28, 30:27 және 29:28)
Айта кетейік, осыған дейін 48 килоға дейінгі салмақта Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атанған болатын. Алда Махмұд Сабырхан, Абзал Серік, Сабыржан Аққалықов және Диас Молжігітов Азия алтыны үшін жұдырықтасады.