- Негізгі бет
- Спорт
- Екінші алтын! Гүлсая...
Екінші алтын! Гүлсая Ержан Азия чемпионатында топ жарды
Фото:
vesti.kz
Бокстан Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына екінші алтын медаль түсті. 81 килоға дейінгі салмақта Гүлсая Ержан жеңімпаз атанды.
Финалдық жекпе-жекте отандасымыз тай боксшы қызы Порннипо Чутадан айласын асырды. Төрешілер 3:2 (29:28, 30:27, 26:30, 27:30, 29:28) есебімен Гүлсаяны жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, осының алдында 70 килоға дейінгі салмақта Жасмин Қизатова алтын медаль еншілеген болатын.
Мөлдір Тойкова (- 50 кило), Әнел Сақыш (-54 кило), Виктория Графеева (-57 кило), Шахназ Исаева (-60 кило), Назерке Серік (-63 кило), Ақнар Ищанова (-66 кило) және Дана Дидай (-75 кило) қола жүлде еншілеп қайтты.
Н. Үсенова