Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Александр Бублик 2023 жылғы маусымдағы өнерін үздік деп бағалайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші биыл екі турнирде жеңіске жетті.
Әуелі маусым айында Галле (Германия) ATP 500 жарысында финалда ресейлік Андрей Рублевті ұтып, чемпион атанды. Содан кейін қазанда Антверпен (Бельгия) ATP 250 додасында соңғы бәсекеде франциялық Артур Фисті жеңді.
"Шынында да бұл мен үшін үздік маусым болды. Осыған дейін мұндай титулдарға ие болған жоқпын. Оның үстіне рейтингте бұлай көтерілмеп едім. Дегенмен жыл бойы қиындықтар болмай қалған жоқ. Өз ойынымды табу қиынға соқты. Тек Галле турнирінде ұзақ уақыт бойы жаттыққанымның жемісін көре алдым. Тұрақты өнер көрсеттім. Сөйтіп өз спорттық жолымдағы үздік нәтижеге қол жеткіздім", - деді Александр Бублик.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!