Екі спортшы еркін күрестен Венгриядағы турнирдің финалына шықты

Екі спортшы еркін күрестен Венгриядағы турнирдің финалына шықты
Фото: UWW

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен рейтинг турнирі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарыс жолына алғаш болып еркін күрес шеберлері шықты. Бірінші жарыс күнінде Асыл Айтақын (61 келіге дейін) мен Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) финалға жолдама алды.

Асыл Айтақын алтын медаль үшін Түркия өкілі Толга Озбекпен күреседі. Ал Нұрқожа Қайпанов ақтық сында Қытай балуаны Фэн Лумен өзара мықтыны анықтайды.

57 келіге дейінгі салмақта Нұрданат Айтанов қола жүлде үшін канадалық Тимоти Левайнмен белдеседі.

Айта кетейік, жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша қола жүлдеге таласатын қазақстандық спортшылардың саны артуы мүмкін. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget