Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров IBO Intercontinental белбеуін иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл титулды венесуэлалық Энрике Луиспен сарапқа салды.
Жекпе-жек Алматыдағы бокс кешінің басты кездесуі болды және он раундқа есептелген. Жетінші раундта Тұраров қарсыласын екі рет нокдаунға, кейін жойқын соққымен нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, алғаш рет Қазақстандағы кешті DAZN платформасы көрсетті. Бұл Тұраровтың стриминг сервистегі дебюті болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!