Таиландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін, 4 шілдеде бозкілемге еркін күрес шеберлері шықты. Нәтижесінде екі отандасымыз алтын жүлде үшін күрессе, үш балуанымыз қола жүлдеге таласады.
70 келіге дейінгі салмақта Сұңқар Сейдахмет жартылай финалда жапониялық Рёсэй Сукэгаваны жеңді. Енді ол финалда үндістандық Сумит Кумар Лаксман Бхараскармен күреседі.
Сондай-ақ, 97 келіге дейінгі салмақта Самир Дурсунов 1/2 финалда моңғолиялық Бат-Эрдэнэ Отгондойваадан басым түсті. Енді қазақстандық спортшы ақтық сында Қытай өкілі Ян Юаньчунмен белдеседі.
Ал Рамиль Расим 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өтетін белдесуде үндістандық Рохитпен күш сынасады.
65 келіге дейінгі салмақта Мұхамеджан Орынбасар өзбекстандық Санжарбек Анварбековпен қола жүлдені сарапқа салады.
79 келіге дейінгі салмақта Айбек Қалиахмет қола жүлде үшін өтетін белдесуде Амирбек Урдушевпен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz