- Негізгі бет
- Спорт
- Екі қазақстандық боксшы...
Екі қазақстандық боксшы 3 жылға спорттан шеттетілді
Бокстан Қазақстан құрамасы допинг дауына ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық допингке қарсы орталықтың мәліметінше, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Намотали Толтаев анаболикалық стероид деп есептелетін оралтуринаболды қолданған, сондықтан ол 2026 жылдың 31 наурызына дейін спорттан шеттетілген.
Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық боксшы Серік Абзалдың ағзасынан метастерон табылды. Ол 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін дисквалификацияланды.
Айта кетейік, биыл 22 жасқа дейінгілер арасында Бангкокта өткен Азия чемпионатында Серік күміс медаль иегері атанған еді.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!