Қазақстандық Назым Қызайбай бокстан Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
50 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Қызайбай таиландтық Чутамат Раксатпен жұдырықтасты.
Қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Еске салайық, Қызайбай - екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016) және Азия чемпионы (2021).
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!