Екі бірдей боксшы қыз Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады

Боксшы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өте алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ол 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Алуа Балқыбекова жартылай финалда Тхи Там Нгуенмен (Вьетнам) жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша Вьетнам боксшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал Алуа Балқыбекова Азия ойындарын қола медальмен аяқтады.

Алуа Балқыбекова. Сурет: ҚБФ

Боксшы Наталья Богданова да Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліп қалды. Ол 75 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін үндістандық Ловлина Боргохайнмен қолғап түйістірді.

Тартысты жекпе-жекте Үндістан өкілі 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ал Наталья Богданова жарысты қола медальмен аяқтады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!