Екі белбеу үшін айқас! Қазақстандық сұлудың жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (9-1, 5 КО) кәсіпқойдағы оныншы жекпе-жегін өткізді.

Бангкокта өткен бкос кешінде ол үндістандық Мамта Сингхпен (5-2, 2 КО) жұдырықтасты. Бесінші раундта Лукас қарсыласын соққы астына алған сәтте, төреші кездесуді тоқтатты.

Осылайша, қазақстандық бұрымды техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл айқаста WIBF және WBF сарапқа салынғанын Лукастың өзі мәлімдеген.