Екі балуан әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Қазақстан әйелдер құрамасының екі өкілі Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде финалға жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Інжу Баққожа (46 келіге дейін) мен Аружан Бақытнұр (61 келіге дейін) қола медаль үшін күреседі.

Екі балуан да жартылай финалға дейін жеткенімен, қарсыластарына есе жіберді. Енді олардың қола жүлде үшін өтетін белдесулердегі қарсыластары жұбаныш кезеңінің қорытындысы бойынша анықталады.

Еске салайық, бұған дейін Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!