Екі алтын, бір күміс, қос қола: боксшы қыздар Азия чемпионатында топ жарды

Екі алтын, бір күміс, қос қола: боксшы қыздар Азия чемпионатында топ жарды
Фото: ҚБФ

Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚБФ-ға сілтеме жасап.

80 келіден жоғары салмақта финалда Дина Исламбекова үндістандық Алфия Патханға қарсы шаршы алаңға шықты.

Жекпе-жектің алғашқы раундынан-ақ Дина Исламбекова басымдық танытты. Бастапқы үш минутта қарсыласын нокдаунға жіберді. Одан кейін де отандасымыз рингтегі үстемдігін жалғастырды. Үшінші раундта ол тағы да қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатын бес жүлдемен аяқтады. Надежда Рябец (80 келіге дейін) чемпион атанса, Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Ал Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) мен Валентина Хальзова (75 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget