Екі адам қаза тапты: әлемге танымал спортшы жол апатына түсті

Екі адам қаза тапты: әлемге танымал спортшы жол апатына түсті
Фото: gettyimages.com

Супер ауыр салмақта бокстан бұрынғы әлем чемпионы ұлыбританиялық Энтони Джошуа Нигерияның Лагос қаласындағы ауруханадан шықты. Ол бұл медициналық мекемеге екі адам қаза тапқан жол апатынан кейін жеткізілген еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Энтони Джошуа алдағы бірнеше күн Нигерияда қалып, үй жағдайында оңалу процесін жалғастырады.

"Энтони Джошуа сәрсенбіде кешкі уақытта ауруханадан шығарылды. Дәрігерлер оның әрі қарай үйде ем қабылдап, қалпына келуіне рұқсат берді. Алайда екі жақын досынан айырылған Джошуа күйзеліске түскен", - деп жазады Daily Mail.

Қайғылы жол апаты 29 желтоқсанда Лагос-Ибадан тасжолында болған. Джошуа мінген Lexus маркалы жол талғамайтын көлік жолдың бойында тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам - Энтони Джошуаның бапкерлері қаза тапты.

Энтони Джошуа кәсіпқой бокста 29 рет жеңіске жетіп, төрт жеңіліс тапқан. Ол бұған дейін IBF, WBA, WBO және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған. Ал соңғы жекпе-жегін 19 желтоқсанда өткізіп, америкалық блогер Джейк Полды нокаутпен жеңген болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget