Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Чехияның Прага қаласында өтетін European Cup турниріне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасынан 22 спортшы бақ сынайды.
Ерлер
- 60 келіге дейін: Шерзод Давлатов, Нұраділ Әлжан, Сұңғат Нұрлатұлы
- 66 келіге дейін: Бауыржан Нарбаев, Ақжігіт Насыр
- 73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Әнуар Жұмагелдин
- 81 келіге дейін: Азат Күмісбай, Досжан Жолжақсынов
- 90 келіге дейін: Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев
- 100 келіге дейін: Мұхаммедәлі Мавлидов
- 100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев, Ғалымжан Қырықбай, Жәнтілек Нұртілепұлы
Әйелдер
- 48 келіге дейін: Тасним Әбдуәлі, Іңкәр Құралбай
- 52 келіге дейін: Іңкәр Төлепбергенова
- 57 келіге дейін: Ханзада Қайратова, Шынар Абатова
- 78 келіден жоғары: Карина Такиева, Толқын Тұрсынақынова
Айта кетейік, турнир 27-28 маусым күндері өтеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова